«Білім-Образование» журналы ҒЖБССҚК ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне енді

Академияның «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журналы Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесінің 2-Тізіміне енді.

Журналдың мақсаты – қазіргі заманғы отандық және шетелдік ғылымның жетістіктерімен алмасуды кеңейту, мамандар мен жұртшылықты орта білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің теориялық және практикалық нәтижелері туралы ақпараттандыру.

Журнал 2000 жылдан бастап шығарылып келеді. Журналды ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізу бойынша жұмыс 2021 жылдан бастап жүргізілді, мақалалардың құрылымына өзгерістер енгізу, талаптарға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

Журнал сайты: bilim-uba.kz

Тізімге енгізу туралы шешім ҚР ҒжЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Төрағасының 2024 жылғы 12 шілдедегі №603 бұйрығына сәйкес қабылданды.

https://www.gov.kz/.../54e23232a3568f17260b28bf0a2c5d6d...