Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8/2, 11-кіреберіс, «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының президенті бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8/2, 11-кіреберіс, «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) президенті бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, байланыс телефоны: 8 (7172) 72-59-73

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім беру жүйесі мен білім беру процесін (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары) әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар 

1) педагогикалық және/немесе гуманитарлық және/немесе әлеуметтік жоғары және/ немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;

2) Кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:

1) 18 (он сегіз) жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің (www.e-qazyna.kz, https://talapker.e-qazyna.kz) веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысу туралы құжаттар мен өтініштерді ұсыну мерзімі: 2026 жылғы
9-19 қаңтар аралығында.

Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.

Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі туралы құжатты қосымшасымен, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің
35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.

Конкурс өткізетін орны мен күні қосымша хабарланады. Байланыс телефоны: 8(7172) 741873


08.01.2026