Жаңалықтарға қайту
21.06.2024
Цифрландыру және «Greening education» – Алтынсарин академиясы мен ЮНИСЕФ ынтымақтастық туралы келісті
ЮНИСЕФ-тің Еуропа мен Орталық Азиядағы білім беру мәселелері жөніндегі аймақтық кеңесшісі Майда Пашичтың елімізге жасаған жұмыс сапары аясында Алтынсарин академиясының президенті Мадина Тыныбаевамен кездесті.
Кездесу мақсаты Академия қызметімен, ғылыми жобалармен, еліміздің білім беру жүйесінің жай-күйімен, тараптар арасындағы даму басымдықтары және үрдістерімен танысу болды.
Сонымен қатар тараптар ЮНИСЕФ-тің 2026-2030 жылдарға арналған Елдік бағдарламасы бойынша ынтымақтастық жасау жолдарын талдады. Талқылау нәтижесінде қатысушылар болашақ бірлескен жұмыс – климаттың өзгеруі саласындағы цифрландыру мен білім беру (greening education) бағытына тоқталды.