Жалпы даму пәндері зертханасы
Нугманова Фарида Багадиевна
зертхана меңгерушісі

«Жалпы даму пәндері» зертханасы «Көркем еңбек», «Музыка», «Графика және жобалау», «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсынымдармен жұмыс жүргізеді.

Зертхана 004 «Сапалы орта білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы және 102 «Орта білім беру саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы шеңберінде 2025 жылға арналған әдістемелік материалдарды әзірлейді.

«Жалпы даму пәндері» зертханасында 3 қызметкер жұмыс істейді, олардың ішінде – 2 ғылым кандидаты және ғылыми қызметкер бар. Зертхана жалпы 5 пән бағытын қамтиды.

Әр пән бойынша жыл сайын республикалық ғылыми-практикалық семинарлар, кеңестер, вебинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.