Орта білім мазмұны институты Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы президентінің №1-Н/Қ бұйрығымен 2021 жылы 1 маусымда құрылды және Академия құрамындағы ең ірі құрылымдық бөлім болып табылады.
Орта білім мазмұны институт қызметінің мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі білім беруді ғылыми-әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету.
Орта білім мазмұны институты жұмысының басты бағыттары:
1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ғылыми–әдіснамалық қамтамасыз ету;
2) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді дамыту мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеулер жүргізу;
3) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында білім беру әдістемесін жетілдіру.
Бүгінгі таңда Институтта 31 ғылыми қызметкер жұмыс істейді, олардың ішінде 2 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты, 6 PhD.