«Мектепалды даярлық және бастауыш білім беру» зертханасының мақсаты: мектепалды даярлық пен бастауыш білім мазмұнын, оқыту әдістемелерін, заманауи білім беру технологияларын қолдануды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
«Мектепалды даярлық және бастауыш білім беру» зертханасының міндеттері:
1) отандық және әлемдік тәжірибелерді зерделеу;
2) сабақтастықты қамтамасыз етуді ғылыми-әдіснамалық негіздеу үшін ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу;
3) стандарт, үлгілік оқу жоспары, оқу бағдарламаларын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
4) білім беру сапасына мониторинг жүргізу.
«Мектепалды даярлық және бастауыш білім беру» зертханасы қызметінің бағыттары:
1) ұйымдастырушылық-әдістемелік;
2) ғылыми-әдістемелік;
3) оқу-әдістемелік;
4) ақпараттық талдау және диагностикалық сына мониторинг жүргізу.