«Дидактика» зертханасының мақсаты: еліміздің орта білім беру жүйесін дамытуды әдіснамалық, дидактикалық негіздемелермен қамтамасыз ету.
«Дидактика» зертханасының қызметі:
1) ғылыми зерттеу;
2) болжамдау;
3) жобалау;
4) ақпараттық қамтамасыз ету;
5) озық тәжірибені зерттеу, сипаттау.
«Дидактика» зертханасының міндеттері:
1) орта білім беру жүйесін дамытудағы отандық және халықаралық тәжірибелерді зерттеу;
2) жалпы орта білім беру мазмұнының теориялық негіздерін зерттеу;
3) білім беру мазмұнының білім алушының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігін зерттеу;
4) орта білім беру процесін дамытудың әдіснамалық, дидактикалық, ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу;
5) 12 жылдық білім беруді негіздеу және жүзеге асыруды ғылыми-әдістемелік сүйемелдеудің дидактикалық талаптарын құру.