«Жаратылыстану-математика бағыты пәндері және STEM-технологиясы» зертханасының мақсаты: STEM-технологияны оқу процесіне енгізуді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқыту.
«Жаратылыстану-математика бағыты пәндері және STEM-технологиясы» зертханасының қызметі:
1) жаратылыстану-математикалық білім беру проблемалары бойынша зерттеулер жүргізу (математика, физика, химия, биология, информатика, жаратылыстану);
2) жаратылыстану-математикалық пәндер бағыты және STEM-технологиясы бойынша білім саласын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және оқытудың жаңа қағидаттары мен технологияларын іске асыруға қатысу;
3) жалпы білім беретін мектептерде жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша оқыту процесін жаңартуды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, жаңа буынның оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеудің және апробациялау процесінің ғылыми негіздерін сараптамалық-талдамалық жүмыстарын ұйымдастыру;
4) STEM-оқытуды енгізе отырып, білім беру ұйымдарының жаңа буынын оқу-әдістемелік кешендермен жүйелі қамтамасыз ету.