«Қоғамдық-гуманитарлық бағыты пәндері» зертханасы қызметінің мақсаты: қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің мазмұнын, оқыту әдістері мен технологияларын және білім беру сапасын арттыруды әдіснамалық, ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.
«Қоғамдық-гуманитарлық бағыты пәндері» зертханасы қызметі:
1) қоғамдық-гуманитарлық бағыты пәндері мазмұны мен әдістемесін жетілдірудің нормативтік және ғылыми-әдіснамалық негіздерін әзірлеу;
2) қоғамдық-гуманитарлық білім саласының проблемалары бойынша зерттеулер жүргізу;
3) қоғамдық-гуманитарлық бағыты пәндері бойынша оқу бағдарламаларын жетілдіру;
4) әдістемелік ұсынымдамалар, тұжырымдамалар әзірлеу;
5) жалпы білім беру ұйымдарында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша оқыту процесін жаңартуды оқу-әдістемілік қамтамасыз ету.