qaz
«Тілдерді оқытудың мазмұны мен әдістері» зертханасы

«Тілдерді оқытудың мазмұны мен әдістері» зертханасының мақсаты: тілдік пәндерді оқытуды ұйымдастыру қызметтерін реттейтін тиісті нормативтік құжаттармен, әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету; білім беру сапасын жаңа талаптарға сай жетілдірудің теориялық, әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік негіздемелерін зерттеу; ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және оларды оқыту бойынша білім беру сапасына жүйелі мониторингтер жүргізу.

«Тілдерді оқытудың мазмұны мен әдістері» зертханасының қызметі:

1) тілдік пәндер мен жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша білім беру сапасына бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;

2) зертхана өз қызметі шеңберінде білім беру қызметін, оның ішінде қашықтан оқыту форматын қоса алғанда, оқу процесін ұйымдастыруды әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

3) білім берудегі жаңа парадигма жағдайында пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша білім беруді дамытудың ақпараттық және инновациялық технологияларын әзірлеуге және енгізуге бағытталған әдістемелік қызметтерді жүзеге асыру;

4) әлемдік пандемиядан кейін білім сапасын қалпына келтіру бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарын жүргізу;

5) білім сапасын арттыру мақсатында отандық ғылыми-зерттеу институттарымен, ғылыми орталықтармен, педагогикалық оқу орындарымен, жалпы білім беру ұйымдарымен және шетелдік әріптестермен шығармашылық, ынтымақтастық қатынастар орнату;

6) білім беруді жүзеге асыратын педагогтерге арналған біліктілік арттыру курстары мен оқыту семинарларын ұйымдастыру.