qaz
«Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту» зертханасы
зертхана меңгерушісі

«Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту» зертханасының мақсаты: ауыл мектептері мен шағын жинақты мектептердегі білім сапасын көтеруді ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

«Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту» зертханасының міндеттері:

1) ауыл мектептері мен шағын жинақты мектептердегі білім сапасына және оқыту процесіне жүйелі мониторинг жүргізу;

2) ШЖМ-дағы біріктірілген сыныптар жағдайында оқытуды ғылыми- әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу;

3) ауыл мектебі мен қала мектебі білім сапасы арасындағы алшақты жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;

4) ауыл мектептері мен шағын жинақты мектептердегі оқу процесін ұйымдастыру бойынша озық тәжірибелерді зерделеу, сипаттау және тарату.

«Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту» зертханасының бағыттары:

1) ғылыми-әдістемелік;

2) оқу-әдістемелік;

3) ақпараттық талдау және диагностикалық;

4) ұйымдастырушылық-әдістемелік.