Үздіксіз кәсіби білім беру институты 2021 жылы құрылды.
Мақсаты: Қазақстандағы кәсіби педагогикалық білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын әлемдік деңгейге көтеру.
Институт құрамында 4 ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді:
1) «Үздіксіз кәсіби педагогикалық білім беру мәселелерін зерттеу» зертханасы;
2) «Кәсіби білім беру мазмұнын трансформациялау» зертханасы;
3) «Адами капиталды дамыту және кәсіби бағдарлау» зертханасы;
4) «Білім беруді цифрландыру» зертханасы.
Бұл зертханалар ТжКБ және ЖжКБ саласындағы мәселелерді шешу үшін құрылған:
1) ТжКБ және ЖжКБ педагогикалық білім беру сабақтастығы мен үздіксіздігінің болмауы;
2) педагогикалық бағыттағы колледж мамандарын даярлау ерекшелігінің ескерілмеуі;
3) білім беру проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулердің жеткіліксіздігі;
4) ЖОО тарапынан білім беру ұйымдарының қызметін ғылыми сүйемелдеудің болмауы;
5) педагогтерге қосымша білім беру саласында қызмет көрсетудің ақпараттық-сараптамалық базасының болмауы.
Қазіргі уақытта институтта 10 ғылыми қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 1 ғылым докторы және 3 ғылым кандидаты бар.