qaz
«Стратегия, ғылым және талдау» орталығы

«Стратегия, ғылым және талдау» орталығының міндеттері:

1) Академия қызметін, сондай-ақ Академияның құзыреті мен өкілеттіктері шегінде білім беру саласын стратегиялық басқаруды ұйымдастыру;

2) Академияның құрылымдық бөлімшелері білім беру саласындағы ғылыми-әдістемелік, қолданбалы ғылыми зерттеулер саласында жүргізетін ғылыми қызметке жәрдемдесу;

3) өз құзыреті мен өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Академия басшылығы мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету болып табылады.

«Стратегия, ғылым және талдау» орталығының қызметі:

1) Академияның стратегиялық құжаттарын әзірлеу бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру; оларды талдау, мониторинг жүргізу; оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;

2) Академияның құзыреті мен өкілеттіктері шегінде білім беру саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді және іске асыруды ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу;

3) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларын іске асыруды ұйымдастырушылық сүйемелдеу;

4) Академия қызметінің бағыттары бойынша талдау жазбаларын, ақпаратты дайындау;

5) Академия басшылығының тапсырмасы бойынша Академияның құрылымдық бөлімшелері жүргізетін әлеуметтік зерттеулер шеңберінде әдіснамалық сүйемелдеу, сондай-ақ бастапқы деректерді өңдеуге жәрдемдесу;

6) Академия қызметінің перспективалық бағыттарын айқындау және пысықтау (инвестициялардың экономикалық тиімділігін талдау, мемлекеттік саясат шараларының, жобалар мен бағдарламалардың әсерін бағалау, форсайт зерттеулер).