«Инклюзивті білім беру» орталығының мақсаты: білім берудің барлық деңгейлерінде инклюзивті білім берудің мазмұнын ғылыми-әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз етуді тиімді басқару.
«Инклюзивті білім беру» орталығының қызметі:
1) еліміздің білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің мазмұнын ғылыми-әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету;
2) инклюзивті білім беру мәселесі бойынша ғылыми, әлеуметтік зерттеулерді, эксперименттік қызметті жүзеге асыру;
3) инклюзивті білім беру аясында ерекше білім берілуіне қажеттілігі (бұдан әрі – ЕБҚ) бар балаларға арналған тұжырымдаманы, жаңа Үлгілік оқу бағдарламаларын, инновациялық білім беру технологияларын, ОӘК әзірлеу және НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасау;
4) білім берудің барлық деңгейінде ЕБҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу технологиясы бойынша бойынша әдістемелік материалдар әзірлеу және енгізу;
5) инклюзивті білім беруді дамыту бойынша ресурстық орталықтар мен әдістемелік кабинеттердің, қосымша білім беру ұйымдарының қызметін ғылыми әдістемелік сүйемелдеу;
6) инклюзивті білім мәселелері бойынша ұтымды халықаралық ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды нығайту;
7) инклюзивті практиканы іске асыруға мамандарды даярлайтын тренерлер корпусын даярлау;
8) инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасайтын педагогтерді даярлау бағдарламаларын құрастыру және педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларына ғылыми сараптама жасау.