«Тәрбие теориясы және әдістемесі» орталығы
Әбішев Төлеу Рыспекұлы
директор

Орталықтың мақсаты: білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, тәрбие процесін үйлестіру және оны заманауи талаптарға сәйкес жетілдіру.

Орталықтың қызметтері: білім алушылардың адамгершілік, азаматтық, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген жан-жақты тұлғалық дамуына жағдай жасауға бағытталған ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету;

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын әдістемелік сүйемелдеу, оны білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесіне енгізу, педагогтерге арналған әдістемелік материалдар, нұсқаулықтар әзірлеу, бағдарламаның орындалуын мониторингтеу және талдау жүргізу;

білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді үлгілерін, жобаларын, әдістемелерін әзірлеу және тарату; педагогтердің тәрбие бағытындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға қолдау көрсету;

білім алушылардың құндылық бағдарларын қалыптастыру, әлеуметтік белсенділігін арттыру, мәдени, экологиялық, патриоттық, отбасылық тәрбие бағыттарын дамытуға арналған кешенді іс-шаралар, бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және қолдау.