Орталықтың мақсаты: өңірлік әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) қызметін қолдауға, әдістемелік қызметті жетілдіруге және педагогтердің инновациялық тәжірибелерін сараптауға бағытталған жұмыстарды үйлестіру.
Орталықтың негізгі қызметі:
1) өңірлердегі әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) қызметіне жүйелі мониторинг жүргізу, талдау және оның жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) әдістемелік қызметті жетілдіруге бағытталған ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар жүргізу;
3) білім беру ұйымдары басшыларының, әдістемелік орталықтар (кабинетер) әдіскерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру;
4) педагогтердің инновациялық педагогикалық тәжірибесінің материалдарын техникалық сараптамадан өткізу;
5) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік өнімдерге талдау жүргізу, ұсынымдама жасау.