«Адами капиталды дамыту мен кәсіби бағдарлау» зертханасының мақсаты: Қазақстан Республикасындағы білім берудің барлық деңгейлерінде адами капитал мен кәсіби бағдарлауды дамыту үшін ғылыми-методологиялық және әдістемелік қамтамасыз ету аясында зерттеулер жүргізу.
«Адами капиталды дамыту мен кәсіби бағдарлау» зертханасының қызметі:
1) білім беру саласы мен адами капитал және кәсіби бағдарлауды дамытудың мәселелеріне байланысты кешенді пәнаралық, теориялық және эмпирикалық зерттеулер жүргізу, білім беру саласындағы үздік әлемдік және отандық тәжірибелерді талдау;
2) үздіксіз кәсіби педагогикалық білімнің қазіргі жағдайы туралы зерттеу жүргізу;
3) зертхана қызметінің бағыты бойынша колледждер мен жоғары оқу орындарындағы контингент сапасын институционалды зерттеу;
4) педагогикалық кадрлардың кәсіби және тұлғалық өсуіне арналған құзыреттіліктер мен дағдыларды диагностикалаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің әдістемесін әзірлеу;
5) жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы мен педагогикалық колледждердегі инженерлік-педагог қызметкерлері біліктілігін арттыру курстарының тиімділігін талдау;
6) зерттеу нәтижелері негізінде білім берудің барлық деңгейлеріне әдістемелік материалдар әзірлеу және енгізу;
7) шетелдік және халықаралық ұйымдармен ғылыми ынтымақтастықты нығайту, адами капитал мен кәсіби бағдарлауды дамыту бойынша тәжірибе алмасу.