qaz
«Әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу жүргізудің философиясы» тақырыбында семинар өтті

Бүгін Алтынсарин академиясында «Әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу жүргізудің философиясы» тақырыбында семинар өтті.
Жиында «Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту» орталығының директоры, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Еркебұлан Жұмашов метағылымдағы концептуалды дискуссиялар, ғылыми ізденіске қойылатын талаптар туралы баяндады.

Сонымен қатар философиялық парадигмалар бойынша зерттеу жүргізу әдістері, зерттеу қисыны мен мақсаты жеке-жеке талданып, зерделенді.

Семинар соңында қатысушылар тақырыпқа қатысты сұрақтарына жауап алды.