Бүгін Алынсарин академиясында кәсіптік білім беру мен оқытуға, сондай-ақ дағдыларды дамытуға арналған ЕО-ның алғашқы аймақтық жобасы – «DARYA» жобасының таныстырымы өтті. Жобаны Еуропалық білім беру қорының сарапшылары - Кристин Хемшемайер мен Ева Янсова ұсынды.
Кездесуге ҚР ОАМ ТжКБД басқармасының басшысы Қаламқас Алғазинова, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева, «Талап» КЕАҚ президенті Олжас Ордабаев, «АТО» АҚ Басқарма Төрағасы Мағжан Аманғазы, «Өрлеу БАҰО» АҚ Басқарма төрайымы Әсел Мұхаметжанова және білім беру саласының басқа да өкілдері қатысты.
«DARYA» жобасы Орталық Азияның бес елінің қатысуын көздейді, сондай-ақ іске асыру мерзімі 2022-2027 жылдарды қамтиды.
Жоба үш модульден тұрады: бірінші модуль еңбек нарығындағы дағдыларға қажеттілікті талдау есебінен болашақ дағдыларын дамытуға бағытталған; екінші модуль ұлттық және өңірлік деңгейлерде біліктілікке икемді тәсілдерге арналады; үшінші модуль еңбек нарығындағы дағдыларға қажеттіліктерді неғұрлым кең пайдалануды оқыту мен оқытуға инклюзивті тәсілдерді енгізу көздейді.
Кездесуге қатысушылар жобаның мүмкіндіктерін, еңбек нарығында қажетті дағдыларды талдау және болжау мәселелерін, сондай-ақ ТжКОКБ студенттері мен орта білім беру ұйымдары білім алушыларының өзекті дағдыларын қалыптастыруды талқылады.