qaz
«Жаһандық құзыреттер» курсын ресурстық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Бүгін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының базасында «Жаһандық құзыреттер» курсын ресурстық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. 

Талқылауға Алтынсарин академиясының президенті Мадина Тыныбаева, Vision Zero әлемдік тұжырымдамасының және ҚР-дағы Тұрақты даму елшісі Анар Жұмашева, РФММ, № 81 «Astana English school» өкілдері қатысты.  

Кездесу барысында қатысушылар курстың ресурстық және әдістемелік сүйемелдеуін - педагогтерге арналған гайд, әлеуметтік жобалардың кейсі, ситуациялық міндеттер жинағы, оқу бағдарламасы, сондай-ақ жаттықтырушылар мен әдіскерлерге арналған курстар бағдарламасын әзірлеу қажеттілігін талқылады.