2022 жылғы 7-17 маусым аралығында оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшелерін оқыту ұйымдастырылды, сондай-ақ бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру пәндері бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.
7-10 маусым аралығында ЭЫДҰ-ның «Білім-2030» жобасының оқу жоспарын әзірлеу бойынша сарапшысы Фил Ламберт жұмыс тобының мүшелерін білім беру бағдарламаларының дизайнын әзірлеудің міндеттері мен кезеңдері, мақсаттылық, сабақтастық, бұрмалану және саралау принциптерімен таныстырды. Сонымен қатар, Фил Ламберт семинарға қатысушылар үшін халықаралық оқу бағдарламаларына шолу жасап және салыстырмалы талдау жүргізіп, пәндер бойынша негізгі тенденциялармен таныстырды.
Оқытудың тәжірибелік шоғырлануын Білім беруді жаңғырту орталығының сарапшылары мен Ы. Алтынсарин атындағы академияның ғалымдары жүргізді. Тәжірибелік сабақтарда семинарға қатысушылар оқу пәндерінің тұжырымдамалық негіздерін – миссиясын, мақсаттарын, міндеттерін, сонымен қатар білім мазмұнының негізінде жатқан құндылықтарды талқылады. Белсенді оқытуға бағытталған оқу бағдарламасымен, пән бойынша оқу мақсаттарын тұжырымдау құралы Блум таксономиясымен қатар, оқу мақсаттары арқылы белсенді оқытуды жүзеге асыру негіздерімен танысты.
13-17 маусым аралығында жұмыс топтарының мүшелері бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру пәндері бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмысқа кірісті. Апта бойы тәжірибелі ғалымдар, пән мұғалімдері мен әдіскерлер оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұнын талқылады. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша жұмыс тобының мүшелері оқу бағдарламаларының жобаларын дайындады. Оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу процесі жалғасатын болады.