«Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында «Қолжетімді және ыңғайлы мектеп кеңістігі қандай болуы керек?» тақырыбында алғашқы келіссөздер өтті.
Келіссөздер «Еліміздегі мектептердің білім беру кеңістігінің қолжетімділігі мен тиімділігін зерттеу және эргономикалық білім беру кеңістігінің моделін әзірлеу» жобасы бойынша ұйымдастырылды.
Келіссөздер ғалымдар, сәулетшілер, дизайнерлер, психологтар, экологтар, ұстаздар мен ата-аналардың қажеттіліктерін, жаңа мектепті модельдеу және қазіргі мектептерді қайта құру кезінде білім беру кеңістігінің дизайнын және мектеп ғимаратының архитектурасын талқылауға бағытталды.
Негізгі спикерлер: Длимбетова Г.К., п.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, эколог, ТМД-ға мүше елдердің экологиялық білім беру қоғамдық кеңесінің мүшесі; Дзятковская Е.Н., б.ғ.д., профессор, Ресей ғылым академиясының ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, эргономика және экология саласының маманы; Садықова С.Ш., с.ғ.к., Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі, Сәулетшілер және Қала құрылысы одағының мүшесі; Маймакова М.С., экономика ғылымдарының магистрі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты; Жумажанова К.И., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты.
Келіссөздердің қорытындысын ескере отырып, білім беру кеңістігі бойынша ұсыныстар дайындалуда.