«Тұрақты даму мүддесіне сәйкес үздіксіз білім беру: жаңа міндеттер» тақырыбында VIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

2022 жылғы 31 мамырда Алтынсарин академиясында «Тұрақты даму мүддесіне сәйкес үздіксіз білім беру: жаңа міндеттер» тақырыбында VIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға 700-ге жуық адам, оның ішінде Польша, Словакия, Гонконг, Эстония, Түркия және Ресей ғалымдары қатысты.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары үздіксіз педагогикалық білім беру, білім берудегі ұрпақтар теориясы, білім берудің қолжетімділігі мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету, тұрақты даму мүддесінде орта білім беруді трансформациялауға қатысты өзекті мәселелерге арналды.

Конференция екі кезең бойынша өтті: секция жұмыстары және пленарлық отырыс. Конференцияның пленарлық отырысына белгілі отандық және шетелдік сарапшылар, атап айтқанда, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының бірінші вице-президенті Ә.Ә.Әбішев., тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазан федералдық университетінің Психология және білім беру институтының директоры А.М.Калимуллин, әлеуметтік ғылымдар докторы, Тюмень индустриялды университетінің профессоры Н.Г.Хайруллина қатысты, Словакия Жилин университетінің PhD докторы Ева Сметанова, әлеуметтік ғылымдар докторы, М.Гжегожевская атындағы арнайы педагогика академиясының профессоры Ева Кулеша және PhD, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті М.А.Тыныбаева қатысты.

Пікірталасқа қатысушылар сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша Тұрақты даму мақсатына қол жеткізу саласында пікір және тәжірибе алмасу қажеттілігін бірауыздан атап өтті.

Конференция материалдарының жинағына еліміздің ғалымдары мен және педагог-тәжірибешілері 522 мақала жолдады, оның ішінде 349 мақала жариялауға жіберілді.

Конференция материалдарымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: http://lifelong.kz