Жаңалықтарға қайту
30.05.2022
МЖМБС, Типтік оқу жоспарлары мен Типтік оқу бағдарламаларын түзету бойынша жұмыс топтарына арналған онлайн вебинар өтті
Бүгін МЖМБС, Типтік оқу жоспарлары мен Типтік оқу бағдарламаларын түзету бойынша жұмыс топтарына арналған онлайн вебинар өтті.
Вебинардың екінші күнінде педагогика ғылымдарының кандидаты, EdCrunch Academy академиялық жетекшісі Оксана Петрова «Білім беру процесін нейроғылымы деректері негізінде жобалау» тақырыбында баяндама жасады. Ол білім беру тәсілдерінің эволюциясы, нейроғылымның білім саласында қолданылуы сынды мәселелерге тоқталды.
Ал білім саласының аға маманы, Дүниежүзілік банктің білім беру жобаларының жетекшісі Шмис Тигран пандемия жағдайындағы білім беру және олқылықтардың орнын толтыру бойынша баяндама жасап, алдағы уақытта білім беру жүйесіне енгізілуі мүмкін негізгі үрдістер туралы айтып өтті.