Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында МЖМБС, Типтік оқу жоспарлары мен Типтік оқу бағдарламаларын түзету бойынша жұмыс топтарына арналған вебинарлар сериясы басталды.
Спикерлер ретінде әдістемелік бөлімнің жетекшісі, «Pulsar Production» әдіскері Ольга Занегина және зерттеуші, білім беру тәжірибесінің дизайнері, Craft/ed әдіснамасының бірлескен авторы, Ikra.Global кураторы, School of Education бірлескен кураторы Дарья Илишкина баяндама жасады.
Спикерлер педагогикалық дизайнның негіздері, оның негізгі принциптері мен модельдері;
білім алушылардың оқытуды жобалау кезінде ескерілуі керек ерекшеліктері;
мақсаттарды, міндеттерді қою және оқыту нәтижелерін тұжырымдау принциптері;
білім беру тәжірибесін жобалау тәсілдері және олардың ерекшеліктері;
курстарды жобалаудағы Backwards дизайны (кері дизайн) туралы айтты.
Жалпы, оқыту бірнеше кезеңде, білім беру саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен онлайн және оффлайн форматтарда жүргізіледі.