Бүгін Алтынсарин академиясының базасында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Каримованың қатысуымен «Білім беру мекемелеріндегі дене шынықтыру: жағдайы, мәселелері және шешу жолдары» тақырыбында дене шынықтыру мұғалімдерінің кездесуі өтті.
Кездесуге Академия президенті Мадина Тыныбаева, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының өкілдері және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, БҚО, Павлодар, Маңғыстау облыстарының денешынықтыру пәні мұғалімдері қатысты.
Кездесу аясында Мемлекеттік жалпы білім беру стандартындағы «Дене шынықтыру» пәні бойынша білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар қарастырылды.
Атап айтқанда:
– Үлгілік оқу жоспарларында «Дене шынықтыру» пәнін оқытуға бөлінген сағат саны;
– «Дене шынықтыру» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламаларындағы білім мазмұны;
– «Дене шынықтыру» пәні бойынша 1-11 сыныптарға арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер;
– Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау, бағалау критерийлері және қорытынды аттестаттау мәселелері.
Кездесу соңында қатысушылар «Дене шынықтыру» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қайта қарау қажеттігі туралы ортақ пікірге келді.