qaz
Академия қызметкерлері «Тұрақты даму мақсатында білім беру» атты вебинарға қатысты

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бойынша және оны әдіснамалық және әдістемелік сүйемелдеу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Академия қызметкерлері «Тұрақты даму мақсатында білім беру» компонентін орта білім мазмұнына интеграциялау бойынша вебинарға қатысты. ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының білім беру бағдарламасы бойынша ұлттық маманы Мейіргүл Алпысбаева және «Тұрақты Қазақстан» зерттеу институтының директоры Брендан Дюпрей білім беру мазмұнына Тұрақты даму мақсатында білім беру компонентін интеграциялаудың мақсаты мен маңызын, білім алушылардың икемді құзыреттіліктерін интеграциялау және қалыптастыру бойынша өзге елдердің тәжірибесін ұсынды.

Мейіргүл Алпысбаева ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму мақсатында білім беру жөніндегі жаһандық іс-қимыл жоспарын ұсынды. Сондай-ақ орта мектептің стандарттары мен оқу бағдарламаларының мазмұнына қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік әділдік, сыни, талдамалық және интегративті ойлауды дамыту, адам құқықтарын құрметтеу сынды компоненттерді интеграциялаудың маңызын атап өтті.

Брендан Дюпрей әлем елдеріндегі тұрақты даму компонентін интеграциялаудың тәжірибесімен, білім алушылардың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған білім беру мазмұнын әзірлеу тәжірибесімен бөлісті.

Семинарға қатысушылар Тұрақты даму мақсатында білім беру компонентін оқу пәндері бойынша білім беру мазмұнына интеграциялау бойынша топтардың жұмысына қатысып, практикалық жұмыстың нәтижелерін талқылады.