Алтынсарин академиясының ғалымдары Springer баспасының эргономикалық білім беру ортасын жобалаудың заманауи тәсілдері ұсынылған «Renewing Middle School Facilities» кітабын талқыланды.
Қазіргі уақытта жайлы білім беру ортасын құру білім алушылардың әл-ауқатын алдын ала анықтайтын факторлардың бірі ретінде қарастырылады. Мұндай тұжырымдар көптеген ғылыми зерттеулерде көрсетіліп, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде белсенді түрде дамуда. Сонымен қатар, білім беру ортасының дизайны оқушылардың әл-ауқатына және олардың академиялық үлгеріміне оң әсер ететін мектеп қандай болуы керек екендігі туралы әртүрлі көзқарастар бар.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2021-2023 жылдарға арналған «Білім және ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негіздері» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде білім беру кеңістігінің тиімділігіне зерттеулер жүргізуде. Зерттеу нәтижелері бойынша эргономикалық білім беру кеңістігі бар орта мектептің моделі әзірленеді.