qaz
«Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесу өтті

Алтынсарин академиясының президенті М.А.Тыныбаева және Инклюзивті білім беру орталығының қызметкерлері «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында ҚҚ президенті С.Мурзалинова-Яковлева Қордың қызметі туралы айтып, Қордың тәжірибесі негізінде әзірленген Инклюзивті ресурстық орталықтың моделін ұсынды.

Кездесуде өзара ынтымақтастық, соның ішінде Академияның Инклюзивті білім беру орталығы қызметкерлерінің Қор жобаларын ғылыми сүйемелдеу мәселелері талқыланды.