qaz
«Нәтижеге бағытталған сабақ: жоспарлау мен саралау тәсілдерін қолдану» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті


Академияның «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» зертханасының қолдауымен Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығы «Нәтижеге бағытталған сабақ: жоспарлау мен саралау тәсілдерін қолдану» тақырыбында онлайн республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Ондағы мақсат – «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында білім сапасын арттыру, «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқыту үдерісін тиімді жоспарлау негізінде педагогтердің кәсібилігін шыңдау.

Академияның аға ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Г.Кенжебаева конференцияда «Сабақта саралау тапсырмаларын жоспарлау» тақырыбында баяндама жасап, тапсырмалар құрастыру бойынша, оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша мәселелерді қозғады.

Республика бойынша жинақталған мақалалардан электронды жинақ дайындалып, білім беру сапасын көтеру мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері бойынша ұсыныстар қабылданды.Пішіннің басы

Мақалалар жинағын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар: https://uba.edu.kz/storage/app/media/best%20ped/%D0%96%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D0%BA%20%D1%80%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%20%20%20docx.pdf