14 сәуірде Алтынсарин академиясында «Мектеп жасындағы балалардың теңгерімді тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында халықаралық вебинар өтті. Вебинар «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» бағдарламасы аясындағы зерттеу бойынша ұйымдастырылды.
Вебинарға қазақстандық және шетелдік ғалымдар, ЖОО оқытушылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп мұғалімдері, жалпы саны 937 адам қатысты.
Халықаралық вебинардың мақсаты – тәжірибе алмасу, тұжырымдамалық ережелерді анықтау, мектеп жасындағы балалардың теңгерімді тамақтану мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдістерін анықтау.
Вебинарды Академиясының вице-президенті Тыныбаева Мадина Ағланқызы ашып берді.
Жиынға ә.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Қанапия Ғабдуллақызы баяндама жасап, халқы ұзақ өмір сүретін елдердегі тамақтану ерекшеліктері атап өтті. Сондай-ақ, з.ғ.д., профессор, тағылымдамашы-зерттеуші Айсана Сман (Анкара, Түркия) тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша заңдар мен нормативтік құқықтық құжаттар туралы айтып берді.
Вебинарда ғалымдар мен практиктердің ұлттық тағамдардың ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп оқушыларын тамақтандырудың бірыңғай Тұжырымдамасын әзірлеудегі ынтымақтастығы туралы қарар қабылданды.