Түркістан қаласында «Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас» тақырыбында география пәні мұғалімдерінің республикалық съезі өтті.
Академияның ұйымдастыруымен өткен съезге білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова, әдіскерлер мен педагогтер, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, біліктілікті арттыру институтының мамандары, барлығы 300-ден астам адам қатысты.
Съезде география пәнін оқыту мазмұны, атап айтқанда, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары, оқулықтар бойынша, сондай-ақ білім алушылардың оқу жетістігін бағалау, мектепте туристік-өлкетанушылық, экологиялық және ғылыми-жобалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру, география пəні мұғалімдерін даярлау бойынша мәселелер талқыланды.
Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова съезде көтерілген мәселелер бойынша шешім қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.