qaz
Шағын жинақты ауыл мектептерінің педагогтеріне арналған онлайн вебинар-кездесу өтті

Алтынсарин академиясының «Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту» зертханасы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлесіп шағын жинақты ауыл мектептерінің педагогтеріне арналған онлайн вебинар-кездесу өткізді.

«Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында өткен жиында академияның ғылыми қызметкерлері мен өңірлердегі шағын жинақты мектептің педагогтері біріктірілген сыныптарда пәндерді кіріктіріп оқытудың мәселесін талқылады.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарының педагогтері біріктірілген сыныптарда сабақты ұйымдастыру бойынша әдіс-тәсілдерімен бөлісіп тәжірибе алмасты.

Вебинар-кездесудің толық нұсқасын Академияның BILIM 4.0 YouTube-арнасынан мына сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=cg5CIH-Yn_k