Академияның вице-президенті Мадина Тыныбаева Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында жаңа оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқау хат әзірлеу барысымен таныстырып, оның биылғы жаңашылдықтарына тоқталды.
Биылғы әдістемелік-нұсқау хат бірнеше маңызды мәселені қамтиды, атап айтқанда, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда ұлттық құндылықтар негізінде жаңа модельді енгізу, «Қазақ тілі» пәнінде оқылым мен жазылым және «Әдебиеттік оқу» пәнінде білім алушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру бойынша және т.б. ұсынымдар.
Әдістемелік-нұсқау хатта оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру, үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсету, функционалдық сауаттылықты дамыту әдістемелері де қамтылған.
Қазіргі уақытта Академия нұсқау хаттың жобасын педагогтермен талқылау және таныстыру курстарын өткізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр.
«Нұсқау хатты QR-код көрсетілген кітапша түрінде басып шығарамыз. Сонымен қатар Академия базасында Call-орталық қызмет көрсететін болады», – деді Мадина Ағланқызы.
Әдістемелік-нұсқау хат оқу жылының соңына дейін мектептерге таратылатынын мәлімдеді.