«Білім және ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негіздері» нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру аясында Алтынсарин академиясы «Қазақстан Республикасында үш тілді білім берудің концептуалдық негізі» тақырыбында кешенді ғылыми-зерттеу жүргізуде.
Мұндағы мақсат – мектептерде мемлекеттік тілге басымдық бере отырып, үш тілді білім беруді дамыту.
Эксперименталды база ретінде Павлодар облысының жалпы орта білім беретін мектептері таңдап алынды. Академияның бас ғылыми қызметкері, п.ғ.д. Күлжанат Булатбаева мен жетекші ғылыми қызметкер, ф.ғ.к. Ғалиябану Резуанова 16-18 наурызда Павлодар облысының Білім беру басқармасы басшыларымен кездесіп, осы бағыт бойынша алдағы жоспарларды пысықтады.
Жұмыс сапары барысында Павлодар облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының өкілдерімен өңірде мемлекеттік тілді дамыту мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы басшысымен облыста үш тілді білім беруді дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты келісім жасалды.