Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің съезі өтті.
Алтынсарин академиясының ұйымдастыруымен өткен съезге Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, еліміздің барлық өңірінен келген әдіскерлер мен бастауыш сынып мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен біліктілікті арттыру институттарының мамандары қатысты.
Съезде бастауыш сыныпта оқытылатын пәндер бойынша білім мазмұнын жаңарту, бастауыш тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту, білім алушылардың оқу жетістігін бағалау, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін арттыру сынды өзекті мәселелер талқыланды.
Жиын соңында министр Асхат Аймағамбетов съезде көтерілген мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, сол бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.