Жаңалықтарға қайту
11.03.2022
Академия ЖОО өкілдерімен онлайн жиын өткізді
Бүгін Алтынсарин академиясы инновациялық білім беру Консорциумын құру бойынша ЖОО өкілдерімен онлайн жиын өткізді.
Жиынға Академияның Үздіксіз кәсіптік білім беру институтының өкілдері, педагогикалық кадрларды даярлауды жүзеге асыратын педагогикалық және көпбейінді жоғары оқу орындарының академиялық мәселелер жөніндегі проректорлары қатысты.
Академияның вице-президенті Н.А.Медетов қатысушыларды Қазақстанда педагогтарды даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталып құрылатын консорциумның негізгі мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Қатысушылар Академияның бастамасына қолдау білдіріп, құжаттардың жобаларын дайындау бойынша ұсыныстар енгізді.