qaz
Бүгін тарих пәні мұғалімдерінің республикалық съезі өтті

Бүгін Петропавл қаласында «Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерінің съезі өтті.

Алтынсарин академиясының ұйымдастыруымен өткен съезге Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, тарихшы ғалымдар, еліміздің барлық өңірінен келген әдіскерлер мен мұғалімдер қатысты.

Съезде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша білім мазмұнын жаңарту, білім алушылардың оқу жетістігін бағалау, сондай-ақ тарих пəні мұғалімдерін дайындау және кəсіби біліктілігін арттыру сынды өзекті мәселелер талқыланды.

Асхат Аймағамбетов съезде көтерілген мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.