qaz
Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өткен вебинарлар сериясы аяқталды

Академиядағы Инклюзивті білім беру орталығы 4-28 ақпан аралығында инклюзивті білім беру мәселелері бойынша вебинарлар сериясын өткізді.

5000-ға жуық педагог қатысқан вебинарларда педагогтердің көкейлерінде жүрген мына сұрақтар талқыланды:

– ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрамына кімдер кіреді және олардың атқаратын қызметтері қандай?

– ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқытуда оқу бағдарламаларын қалай бейімдеу керек? Жеке оқу бағдарламасын әзірлеуде нені негізге алу қажет?

– ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды қалай бағалайды және оқу тапсырмаларын қалай бейімдеп, саралайды?

– арнайы мамандардың, педагог-ассистенттің лауазымдық міндеттеріне не кіреді, маман неше баламен жұмыс істеуі тиіс және жұмыс уақыты қандай?

Сондай-ақ вебинарлар барысында 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттың инклюзивті білім беру бөлімі бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы айтылды және педагогтер сәйкесінше өз ұсынымдарын берді.

Жүргізілген вебинарлар нәтижесінде талдау жұмыстары жасалып, педагогтердің инклюзивті білім беру бойынша біліктіліктерін арттыру жөнінде ұсыныстар берілді.

Вебинарлардың толық нұсқасын Академияның BILIM 4.0 YouTube-арнасынан көре аласыздар.