qaz
Көкшетауда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің съезі өтті

Көкшетауда «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің съезі өтті.

Алтынсарин академиясының ұйымдастыруымен өткен съезге Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Балаларды ерте дамыту институтының мамандары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлер мен педагогтер, ЖОО оқытушылары, Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі қатысты.

Панельдік секциялар мен пленарлық отырыста қатысушылар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту, педагогтердің кәсіби және жеке тұлғалық өсуі, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрларын даярлау, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы және т. б. мәселелерді талқылады.

Асхат Аймағамбетов педагогтердің біліктілігін арттыру, мектепке дейінгі ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау, цифрландыру және тағы басқа мәселелерге жеке-жеке тоқталды.

Министр сондай-ақ балабақшалардағы балаларды академияландырылған оқу бағдарламаларымен оқытудың тиімсіз екендігін айтып, оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту қажеттігін мәлімдеді.