qaz
Академия президенті Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректорымен кездесті

Алтынсарин академиясының президенті Ғани Бейсембаев пен Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Асқар Хикметов кездесті.

Кездесу аясында робототехника бойынша бірыңғай бағдарламаны бірлесіп әзірлеу, ақпараттық портал құру, білім беру жүйесіне VR-технологияларды енгізу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламалар дайындау мәселелері талқыланды.

Екі тарап қызмет бағыттары бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы келісімге келді.