Бүгін өңірлердегі әдістемелік орталық басшыларымен онлайн-жиналыс өтті. Жиынға Академия президенті мен ғалымдары, БҒМ өкілдері қатысты. Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің Педагог кадрлармен жұмыс басқармасының басшысы Айман Дүйсембаева мұғалімдердің біліктілігін арттыру, әдіскерлерді атестациядан өткізуге қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ өңірлердегі әдістемелік орталық басшыларына «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» нысаналы-қаржыландыру бағдарламасы аясында зерттеліп жатқан тақырыптар туралы мәлімет берілді. Атап өтсек, бағдарлама аясында оқу үлгерімінің төмендігі мәселелері, үш тілді білім беру, үш ауысымды мектептер мәселелері, үздіксіз кәсіптік педагогикалық білім беру бойынша зерттеулер жүргізілуде.
Жиналыс барысында Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту орталығының директоры Еркебұлан Жұмашов ақпан айында «Математика» пәні мұғалімдерінің съезі өтетінін мәлімдеді.