Алтынсарин академиясы Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) нәтижелері бойынша онлайн семинар өткізді.
Семинарға ҚР БҒМ БҒССҚЕК төрағасының орынбасары М.Т. Мелдебекова, Академияның вице-президенті Н.Ә. Медетов, ҰТО басқарма бастығы Ш.Б. Алтыбаева, сондай-ақ 100-ден астам ҚР ТжКББ білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
ББЖМ білім алушылардың жалпы білім беру пәндерін меңгеру деңгейін техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін бағалау үшін жүргізілді.
2021 жылы ТжКББ ББЖМ 77 мемлекеттік колледжде өткізілді, қатысушылар саны 12 391 оқушыны құрады.
ББЖМ қорытындысы бойынша пәндер арасында ең жоғары орташа балдар «Қазақстан тарихы» және «Қазақ тілі» пәндеріне тиесілі. Ең төменгі орташа балл «Математика» пәні бойынша тіркелді.
ББЖМ нәтижелерін талдай келе Академия ғалымдары «Қазақ тілі», «Қазақстан тарихы», «Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндері бойынша «ББЖМ-ға қатысушы ТжКББ ұйымдарына арналған әдістемелік ұсынымдар» жасады.
ББЖМ-ны іске асыру үшін Академия ғалымдары ББЖМ рәсімін өткізу әдіснамасын әзірледі, сондай-ақ ББЖМ нәтижелері бойынша республика және әрбір өңір бойынша жеке «ТжКБ ББЖМ нәтижелерін кешенді талдау» талдамалық есебі жасалды.
Сондай-ақ, осы бағыт аясында өткен жылы Академияда «Педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер орталығы» өз жұмысын бастады.