«Шетел тілі» бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» атты республикалық вебинар өтті.
Алтынсарин академиясының «Тілдерді оқытудың мазмұны мен әдістері зертханасының» меңгерушісі Ғайша Мұқашева «Шетел тілі» пәнін оқытуды үйлестіру жөнінде баяндама жасады. Айтуынша, Академия ғалымдарының өңірлердегі респонденттерге жүргізген онлайн-сауалнамасының нәтижесінде қашықтан оқыту кезеңінде барлық өңірде «Шетел тілі» пәнінен білім алушыларда тыңдалым, оқылым, айтылым бойынша айтарлықтай қиындықтар туындағаны белгілі болған.
Осыған байланысты «Шетел тілі» пәні бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру кезінде осы тілдік құзыреттілікке назар аударуды ұсынды.
Сондай-ақ вебинарға еліміздің барлық өңірінен «Шетел тілі» пәнінің мұғалімдері белсенді қатысты. Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының педагогтері баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті.