Жаңалықтарға қайту
04.02.2022
4-28 ақпан аралығында инклюзивті білім беру мәселелері бойынша вебинарлар сериясы өтеді
Алтынсарин академиясы 4-28 ақпан аралығында оқу-әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлеріне, білім басқармаларының мамандарына, жалпы білім беретін мектептердің директорларына және мектептердің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінің мамандарына инклюзивті білім беру мәселелері бойынша вебинарлар сериясын өткізеді.
Вебинардың мақсаты – білім беру ұйымдарына инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ақпараттық кеңес беру.
Вебинарлардың тікелей көрсетілімі Академияның Bilim 4.0. Youtube-арнасында жүргізіледі.