Академия ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады.

Жиында Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Гүлбақыт Жүнісова жаңа Конституцияның жобасы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң мен тәртіпті сақтау және қазіргі қоғамының ұстанатын құндылықтары жайлы жан-жақты түсіндірді. Академия ғалымдары жаңа Конституция жобасындағы орта білім беру саласына қатысты өзгерістер мен толықтыруларды талдап, өз ойларын ортаға салды.

Кездесу қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар еліміздің қазіргі қоғамдық-саяси даму жолындағы конституциялық реформалардың маңыздылығына қолдау білдіретіндіктерін айтты.