Дидактика ғалымы Ж.А. Қараевпен кездесу өтті

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұжымы Академияның бас ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жауынбай Қараевтың орта білім беру жүйесіне арналған ғылыми зерттеулерімен танысты.

Кездесу барысында ғалым Ж.А. Қараев «Мектепте оқыту сапасын арттырудың шарты ретінде технологиялық тәсіл негізінде білім беру үдерісін трансформациялау» және «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін STEM-тәсіл негізінде трансформациялау» тақырыптарындағы ғылыми зерттеулерін ұсынып, жан-жақты баяндады.

Жиынға қатысушылар Жауынбай Қараевтың қазіргі дидактиканың өзекті мәселелері, педагогикалық технология, үш өлшемді оқыту әдістемелік жүйесінің технологиясы, критериалды бағалау жүйесі жөніндегі ғылыми тұжырымдарын талқылады.

Сонымен қатар, жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқыту жүйесіне STEM-тәсілді тереңірек кіріктіру, сондай-ақ «Еңбек» оқу пәнінің мазмұны мен 10–11-сыныптарға арналған технология бағыты бойынша жаңа оқу бағдарламаларын енгізу туралы ұсыныс-пікірлер жан-жақты талданды.