qaz
Аудандық, облыстық әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлерімен және психологтармен онлайн кездесу өтті

Академияның «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығы аудандық, облыстық әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлерімен және психологтармен онлайн кездесу өткізді.

Барлығы 455 маман қатысқан кездесуде дағдарысты жағдайда білім беру ұйымдары атқаратын жұмыстар алгоритмі және лаңкестік әрекеттерден зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету жолдары талқыланды.

Мамандар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.