Бүгін Білім-иновация лицейлер базасында «Тәрбие экожүйесі: практикалық шешімдер» тақырыбында республикалық семинар өтті. Шараға 170 Келешек мектебінен директорлар мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар қатысты.
Семинар барысында Келешек мектептеріндегі тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру тәсілдері талқыланды. Атап айтсақ, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушыларға ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, адалдық пен еңбекқорлықты дәріптеу жолдары айтылды. Сонымен қатар, саналы педагогика мен психология негіздері, мектеп құндылықтарын дамыту, тәрбиені оқу процесімен үйлестіру, сабақтан тыс жұмыстарды мазмұнды ету және ата-анамен өзара байланысты күшейту мәселелеріне назар аударылды.
Семинар барысында тәжірибелік сессиялар, талқылаулар мен пікір алмасулар ұйымдастырылып, қатысушылар өз өңірлеріндегі тәжірибелермен бөлісті.