Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Білім беруді цифрландыру орталығының бас ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Манаргүл Мұқашева 2025 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» республикалық байқауында жеңімпаз атанды. Ол осыған дейін «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленген.
Аталған беделді байқау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өтті.
Еліміз бойынша 7 бағыт бойынша 358 өтінім беріліп, барлығы 50 ғана сыйлығы берілді. Барлық өтінімдер арнайы ақпараттық жүйе арқылы қабылданып, ашықтық пен әділдік қағидаттары толық сақталды. Академияда алғаш рет “Үздік ғылыми қызметкер - 2025” сыйлығының жеңімпазы атанған Манаргүл Өмірзаққызы шын жүректен құттықтаймыз. Бұл үлкен еңбектің жемісі.
М.У. Мұқашева Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға белсенді үлес қосқан.
Ол 120-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы.
Оның ішінде:
- Scopus және Web of Science базаларында индекстелетін басылымдарда – 15 ғылыми мақала;
- h-индексі: Scopus – 3, Google Scholar – 5, РИНЦ – 3;
- Монографиялар – 3;
- ҚР БҒМ грифімен жарияланған оқулық – 1;
- Оқу құралдары – 3;
- Оқу-әдістемелік құралдар – 7;
- ҚР БҒМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізіміне енген журналдарда – 27 мақала жарияланған;
- ЭЕМ-ге арналған 5 бағдарламалық өнімге авторлық куәлік алынған.
Үш PhD докторлық диссертацияға ғылыми жетекшілік жасалды және сәтті қорғалды. Мақалалары Scopus базасындағы Топ-10 үздік ғылыми мақалалар қатарына енген.